Қазақстандық венчурлық инвестор Мұрат Абдрахмановпен кездесуге шақырады
Nazarbayev University Research and Innovation System инновациялық кластері сізді атақты қазақстандық венчурлық инвестор Мұрат Абдрахмановпен кездесуге шақырады.

Кездесу тақырыбы: «Өмір, бизнес және инвестициялар туралы».

Кездесу күні: 2019 жылғы 09 қазан.
Өтетін орны: Қабанбай батыр 53, Назарбаев Университеті, Пирамида ғимараты, конференц-зал,
2 қабат.

Мұрат Абдрахманов - әлемдегі технологиялық жобаларға сәтті қаржы салатын кәсіби инвестор. Оның инвестициялық портфелі шамамен 10 млн. АҚШ долларды құрайды және Chocofamily (Қазақстан), JiJi маркетплейс (Африка), 2C2P төлем жобасы (Таиланд), Genesis (Украина) және тағы басқа компаниялардан тұрады.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтеді. Сондықтан тіркеу формасында спикерге сұрақ қойыңыз. Ең жақсы сұрақтар кездесуде айтылады.

Байланыс телефондары: 70 92 74, 87014213729

Тiркелу
Innovation cluster of Nazarbayev University
Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
pr.nuris@nu.edu.kz