Құрметті НУ қауымы!

31 шілде күні NURIS Сіздерді «ШОБ салық салу: жеңілдіктер, тәуекелдер және айыппұлдар» семинарына шақырады.
Күні: 31 шілде, 19.00 с.
Орны: Назарбаев Университеті, 7 блок, 7е.222
Семинарда келесі мәселелер жөнінде мәлімет ала аласыз:
- Қазақстандағы бизнеске салық салу тәртібі қандай?
- ШОБ үшін қандай салық режимдері қолданылады?
- ШОБ салық тәуекелдері және оларды қалай болдырмауға болады?
- Салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік.
СПИКЕР
Ғабитжан Құдайберген - заңгер, салық консультанты, Forbes Kazakhstan, Капитал, Салықтар, қаржы және құқық басылымдарындағы бірнеше мақалалардың авторы; Салықтық құқық практикалық курсының авторы

2012-2014 жылдар аралығында Ғабитжан Құдайберген Grata заң фирмасының салық департаментінде жұмыс істеп, мұнда отандық және шетелдік компанияларға салықтық мәселелер бойынша консультация беруге маманданған (80 астам клиент). Заңдық тәжірибесінің жалпы өтілі 14 жылды құрайды, оның ішінде, 9 жылдан артық уақыты салық заңнамасына арналған. Қазіргі уақытта "GK & Partners" заң фирмасының негізін қалаушы болып табылады және өз бетінше заңдық тәжірибе жүргізумен айналысады.

Тіркелу
Innovation cluster of Nazarbayev University

Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
pr.nuris@nu.edu.kz