Роботталған Kamaz құрастыру жөніндегі жобаның қызметкерлері Сколковоға барды

«Назарбаев Университеті» ДББҰ «ВИСТ Групп» АҚ-мен (Ресей, «Цифра» МК) әріптестікте а.ж. сәуір айында «Сколково Роботикс 2019» форумына алғаш рет қатысты.

Назарбаев Университетінің атынан Kamaz Neo ершікті тартқыш базасында роботталған автомобиль жасау жөніндегі жобаның басшылары – «National Laboratory Astana» ЖМ аға ғылыми қызметкері Жандос Есенбаев пен Назарбаев Университетінің Робототехника және мехатроника қауымдастырылған профессоры Алмас Шинтеміров сөз сөйледі. Бұл форумға қазақстандық тарап ресейлік әріптестердің шақыруы бойынша келді.


«Роботталған тау-кен кәсіпорны: үрдістер, тегеуріндер және оларды еңсеру жолдары» панельдік сессиясы шеңберінде тау-кен өнеркәсібіндегі логистикалық операциялар үшін ұшқышсыз жүк көлігін әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар бойынша баяндама жасалды және жоба бойынша ағымдағы нәтижелер ұсынылды, оның ішінде КАМАЗ 5490 Neo шассиі базасында роботталған автомобиль үшін компьютерлік көру модулін әзірлеу процесі туралы айтылды.


Форум іс-шараларына қатысу барысында ресейлік азаматтық компаниялар мен университеттердің робототехника саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің ағымдағы мәртебелері зерделенді. Оған қосымша қазақстандық ғалымдар Сколково технопаркінде тау-кен өнеркәсібінде пилотсыз жүк автомобильдерін әзірлеумен және енгізумен айналысатын «ВИСТ Групп» ВИСТ Роботикс АҚ бөлімшелерінің кеңсесі мен зертханаларына барып қайтты, онда жоба бойынша ағымдағы нәтижелер мен алдағы жоспарлар егжей-тегжейлі талқыланды.

«National Laboratory Astana» ЖМ аға ғылыми қызметкері Жандос Есенбаевтың пікірінше, роботталған Kamaz жасау жөніндегі жобаның Сколково Роботикске сапары – бұл Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы үшін нәтижелерді көрсету және индустрия үшін Шығыс Еуропаның негізгі робототехникалық форумы, Сколково Роботикс алаңындағы басқа елдерден келген әріптестерімен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігі.

Astana Business Campus - Назарбаев Университетінің инновациялық кластері

Қабанбай батыр даңғ. 53, Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Тел.: +7(7172)70 66 43
pr.nuris@nu.edu.kz