Ауыл шаруашылығы саласында миллион доллар қалай табуға болатынын білгіңіз келе ме?

Ол үшін осы сейсенбіде 23 сәуір күні өтетін біздің семинарға келіңіз! Мал шаруашылығы
саласындағы технологиялық трендтер мен инновациялық әзірлемелер туралы ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде агроөнеркәсіп саласында бизнес үшін қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы әңгімелесетін боламыз.

Спикерлер:
Ускенов Рашит Бахитжанович
Ускенов Рашит Бахитжанович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент (ассоциациялық профессор)
60-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы
Мал шаруашылығы (азықтандыру, селекция, өсімін молайту), балық шаруашылығы саласында 60-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы.

Мал шаруашылығы саласында ақпараттық-талдау жүйесін құрды
Оның басшылығымен ауыл шаруашылығы малдарын тіркеу үшін мал шаруашылығы саласында ақпараттық-талдау жүйесі құрылды. Бұл жүйеге барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, мал шаруашылығы салалары бойынша тұқымдық палаталар,
мемлекеттік органдар, ғылыми институттар мен университеттер және басқалар қол жеткізе алады.
Етті бағыттағы бұқашықтарды бағалау үшін бағалау станциясын енгізді
Қазақстанда алғаш рет әріптестерімен бірге етті тұқымды бұқашықтарды бағалау, соның ішінде ет сапасының жан-жақты бағалануы (мәрмәрлігі, арқадағы май қалыңдығы, бұлшықет көзінің шеңбері) үшін бағалау станциясын енгізді.
Шетелде көптеген тағылымдамадан өтті
АҚШ, Канада, Бразилия, Германия, Франция, Қытай, Гонконгте тағылымдамадан өтті.
Жоба жетекшісі ретінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға белсенді қатысады.
Қайрат Нажмиденов
FAO-ның Қазақстандағы серіктестік және байланыстар жөніндегі өкілдігінің басшысы.
1994 жылдан 2004 жылға дейін CARANA Corporation, Азия Даму Банкінде, Дүниежүзілік банкте экономист болды.
2004-2019 жылдары ФАО экономика және инвестициялар жөніндегі халықаралық сарапшысы, оның ішінде ФАО штаб-пәтерінде (Рим, Италия) болды.
Экономика және инвестициялар бойынша әлемнің
18 еліндегі халықаралық тәжірибе
Аграрлық азық-түлік секторы мен ауылдық аумақтарды дамыту, орман және балық шаруашылығын жақсарту және оңалту, жер және су ресурстарын тұрақты басқару, Шығыс Еуропада, Оңтүстік Кавказда, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда ресурс үнемдейтін және климаттық технологияларды енгізу саласында экономика және инвестициялар бойынша халықаралық тәжірибесі бар.
Күні: 23 сәуір
Уақыт: 19:30
Өтетін орны: Назарбаев Университет, блок 3, каб. 3е.221
Тіркелу
Astana Business Campus - Назарбаев Университетінің инновациялық кластері

Қабанбай батыр даңғ. 53, Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Тел.: +7(7172)70 66 43
pr.nuris@nu.edu.kz