NU TEAM студенттік командасы алғашқы "Made in NURIS" скутерінің тұсауын кесті!
Self-made scooter жасау үшін 4 айдан аса жұмыс жүргізілді!
NU скутері өзінің техникалық сипаттамалары бойынша базалық аналогтарынан кем емес.
NU скутері иесінің смартфонындағы арнайы мобильді қосымша арқылы қашықтықтан белсендіріледі, бұл ұрлық жасау ықтималдығын мейлінше азайтады.
Сіздердің назарларыңызға скутер жасау хронологиясын ұсынамыз:

15 сәуірде құрамына әр түрлі мамандық бойынша оқитын 5 студент пен FAB LAB тұрақты куратор-инженері Айдар Алимбаев кіретін команда құрылды.
NU TEAM командасы тәжірибелік-эксперименттік цехтың мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ балалар біздің инженерлерден алғашқы консультация алды.
Балалар скутерді жинауға арналған барлық қажетті жабдықтарды: қол құрал-саймандарын, лазерлік станоктарды, 3D принтерлер мен тағы басқаларын белсенді меңгеруде. Командаға NURIS тәжірибелік-эксперименттік цехының жоғары білікті инженерлері консультация береді: сызбалар, материалдарды жинау, іріктеу біздің қызметкерлердің сергек бақылауымен жүргізіледі.
Балалар батареяның бөлігін жинады, батареяның қуатын жасады, оған мотор-доңғалақ жалғады және қоректендіру көзінің көмегімен скутердің моторын сынақтан өткізді.
Скутердің алдыңғы айыры рульдің бір бөлігі болып табылады. Әзірлеу барысында балалар скутердің бастапқы дизайнына бірнеше өзгерістер енгізді.
Команда скутерді сынақтан өткізу кезінде-ақ байқалған, соңғы ерекшеліктермен және кейбір ақаулармен жұмыс істеуде. Скутер 75%-ға дайын. Жарыстың өзіне дейін бір айдан аз уақыт қалды.
Біз студенттердің қолымен жиналған скутерді өз көзімізбен көріп және тіпті онымен сырғанап та көретін сәт туды!
26 маусымда NU скутері алыс Испанияға жол тартты!
NU TEAM-ға алдағы жарыстарда табыс тілейміз!
Astana Business Campus - Innovation cluster of Nazarbayev University

Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
pr.nuris@nu.edu.kz