2019 жылғы 21 маусымда сағат 15.00-де Университеттің жаңа атриумының сахнасында Fablab цифрлы прототиптеу зертханасы мен «NU Team» студенттік командасы Сіздерді біз құрастырған скутерлердің презентациясына шақырады.
2019 жылғы шілдеде біз Барселонадан 40 шақырым жерде Испанияда CELLNEX-PARCMOTOR сынақ трассасында өтетін, Castelloli Smart Scooter Challenge скутерлерін жинау жөніндегі халықаралық жарыстарға алғашқы рет қатысамыз. NU Team нарыққа өз өнертабыстарын ұсына алады және коммерциялық келісім-шарт алуы да мүмкін!

Сіздердің ақ тілектеріңіз бен ізгі ниеттеріңізді қабыл аламыз және барлығыңызды презентацияда күтеміз!

Күні: 21 маусым
Уақыты: 15:00 c.
Орналасуы: Университеттің жаңа атриумы
Біздің команда «NU Team»
  • Жоба тәлімгері - профессор Prashat Jamwal
  • Инженер-электроншы - Алимбаев Айдар
  • Fablab цифрлы прототиптеу зертханасының менеджері - Бижанова Асель
  • Инженерия мектебінің 2 курс студенті, Electrical and electronic Engineering - Баймухан Ерсултан.
  • Инженерия мектебінің 2 курс студенті, Electrical and electronic Engineering - Ануарбек Максат
  • Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің 2 курс студенті, major in Economics, minor in Mathematics - Калманбаева Акмарал
  • Ғылым және технология мектебінің 2 курс студенті, Robotics and Mechatronics - Елеу Султанмурат
Испытательная трасса CELLNEX-PARCMOTOR
Тел.: +7 (7172) 70 66 43, 70 92 99
e-mail: pr.nuris@nu.edu.kz