The Power of Business Intelligence тренингі
NURIS MotiVibe Сіздерді "Big Data" тақырыбы бойынша тегін мастер-классқа шақырады.

Назарбаев Университетінің технопаркінің резиденті болып табылатын "Гражданин" ЖШС студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыру және өндірістік практикаға іріктеу мақсатында соңғы курс студенттеріне мастер-класс өткізуге дайын.

Уақыты: 24 Қыркүйек 2019 ж., 18: 00-19:00
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, Шыны павильон (Пирамида), 2 қабат, конференц-зал
Өткізілу тілі: орысша

Мазмұны: Big Data тақырыбымен танысу.

Негізгі ұғымдарды, деректер типтерін, үлкен деректермен жұмыс істеудің негізгі құралдарын талқылау, үлкен деректерді визуализациялаудың көрнекі мысалдары.

Аудитория: деректерді талдау, өңдеу және визуализациялау саласында жұмыс істеуге мүдделі барлық адамдар

Міндетті шарт: IT саласындағы білім.

Іріктелген жағдайда, үздік студенттер бірнеше модульдерден тұратын жобамен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Жобаның деректерді жинау, талдау есебін құру, тәуекелдерді анықтау, деректерді жариялау сияқты функционалы бар.

Жоба бойынша жұмыс мәліметтердің үлкен көлемін талдау және егжей-тегжейлі талдауларды дайындау болып табылады.

Кандидат немен айналысады:
- SQL сұраныстарын құру
- Кестелерді, көріністерді құру
- Power BI-мен жұмыс
(интерактивті дэшбордтар құру)
- Деректерді талдау

Нәтижесінде кандидат не алады:
- Деректер базасымен жұмыс істеу дағдысы
- SQL, DAX тілдерін терең білу
- Business Intelligence бағытында жұмыс тәжірибесі
- Power BI-мен жұмыс тәжірибесі
- Үлкен көлемдермен жұмыс тәжірибесі
- Командада жұмыс тәжірибесі
Тiркелу
Innovation cluster of Nazarbayev University
Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
pr.nuris@nu.edu.kz