Аймақтық университеттермен ынтымақтастықты дамыту: ҚарМТУ

«NURIS» ЖМ университет басшылығының тапсырмасы бойынша аймақтық университеттермен ынтымақтастық орнату жұмыстарын бастады. Осы тапсырманы орындау аясында 2019 жылғы 15 наурызда Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің өкілдерімен алғашқы кездесу өтті.

Профессор Портнов Василий Сергеевич, т.ғ.д және Маусымбаева Алия Думановна, т.ғ.к. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессорларымен кездесті. Бірлесіп қызмет ету үшін жобаларды талқылау барысында Тау-кен ісі мектебінің профессорлары ҚарМТУ-де профессор Портновпен жүзеге асырылатын, Шұбаркөл кен орнындағы темір минералдарының таралуын зерттеу мен оның көмірлер мен жыныстардағы кеңістіктік моделін құру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Қазіргі уақытта Тау-кен ісі мектебінің профессорлары және студенттерінің күшімен Шұбаркөл кен орнындағы көмірдің таралуының блоктық моделін құру және геостатистикалық бағалау мен талдау бойынша осыған ұқсас жоба жүзеге асырылуда. Екі университеттің профессорлары да жобамен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.

Сондай-ақ кездесу қатысушылары НУ-нің Бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасына беру үшін бірлескен ғылыми өтінім дайындауға келісті.


Байланыс мәліметтері:

«NURIS» ЖМ,
Коммуникациялар бөлімі

Тел: 8 (7172) 70 66 43
E-mail: pr.nuris@nu.edu.kz

READ IN ENGLISH
ЧИТАТЬ НА РУССКОМ