Құрметті мырзалар,
2 наурызда Назарбаев Университетінде Astana Science Festival ғылым фестивалі өтеді, оны British Council (Британдық Кеңес) Назарбаев Университетімен, «Ғылым қоры» АҚ-мен және OYLA ғылыми-көпшілік журналымен әріптестікте ұйымдастырады. Іс-шараның мақсаты – жастардың арасында ғылым мен технологияларды кеңінен тарату.
Іс-шараның бағдарламасы ең кең аудиторияға есептелген және оған Қазақстанда «Шеврон» компаниясымен әріптестікте өткізілетін мектеп оқушыларының арасындағы Science Stars ғылыми конкурсы және жас ғалымдарға арналған FameLab халықаралық конкурсы финалистерінің сөз сөйлеуі кіреді.
Жоғары сынып оқушылары мен студенттер ғылыми зерттеу жүргізудің этикасы, Қазақстанның жануарлар әлемін зерттеу туралы дәрістерге және ғарышты зерттеу жайындағы пікірталасқа қатыса алады. Бастауыш және орта мектеп жасындағы балалар үшін «Эврикум» шоуына және танымал өнертапқыш Алексей Иванченконың көңіл көтеретін ғылыми эксперименттеріне қатысу қызық болады.
| | | Бұдан басқа, барлық келушілерге арнап «Ең беймәлім нәрсе» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылады, оның аясында ғылыми жаңалықтардың негіздеріне тартымды саяхат жасалады. Журналистерге, ғалымдарға және ғылымға қызығатын барлық адамдарға арнап «Ғылыми журналистика кәсіп ретінде», «Баршаға арналған ғылым: 21 ғасырдың ең маңызды ғылыми жаңалықтары», «Азаматтық ғылым: ғалым болмасаң, ғылымға қалай қатысуға болады» атты дәрістер және «Ғылыми коммуникация дегеніміз не» деген шеберлік сабағы өткізіледі.
| | | Өткізілетін орны: Назарбаев Университеті, Қабанбай Батыр көшесі, 53 (кіретін есігі Тұран даңғылы жағынан), Бизнес мектебі, С3 блогы
Уақыты: 09.00 бастап 19.30 дейін
| | | British Council (Британдық Кеңес) – бұл Біріккен Корольдіктің мәдени қарым-қатынас және білім беру мүмкіндіктері саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымы. Біз Біріккен Корольдіктің және басқа елдердің арасында ынтымақтастық құру және өзара түсіністікті нығайту үшін достық ахуал жасауға ықпалдасамыз. Біз мүмкіндіктер жасап, байланыстар орнатып және өзара сенім қарым-қатынасын дамыта отырып Біріккен Корольдіктің және басқа елдердің дамуына оң үлес қосуға және адамдардың өмірін жақсы жағына қарай өзгертуге ұмтыламыз. Біз дүние жүзі бойынша 100-ден астам елде өнер мен мәдениет, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту саласында жұмыс істейміз. Жыл сайын біз іс-шараларымыз арқылы 75 миллионнан астам адамды және онлайн-арналар мен БАҚ арқылы 758 миллионнан астам адамды тартамыз.Біз 1934 жылы Король жарғысына сәйкес негізі қаланған Біріккен Корольдіктің қайырымдылық ұйымы, сондай-ақ Біріккен Корольдіктің көпшілік билігінің органы боламыз. Біздің кірісіміздің басым бөлігі ағылшын тілін оқыту және емтихан өткізу жөніндегі жобалар мен келісімшарттар қатарының; білім беру және дамыту саласында жобаларды іске асыру жөніндегі келісімшарттардың есебінен, сондай-ақ мемлекеттік және жеке кәсіпорындармен жасалған әріптестіктің есебінен түседі. Бізге арналған қаржыландырудың 15 пайызы Ұлыбритания үкіметінен түседі. www.britishcouncil.kz | | | |