Құрметті достар!

Сіз жассыз және идеяларыңыз көп пе?
Өз бизнесіңіз бар немесе бастағыңыз келе ме?
Сізге кешенді міндеттердің шешімін табуға тура келе ме?

Онда осы бірегей тренинг Сізге арналған!

Astana Business Campus «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірге «NXplorers» тренингін өткізеді.

Бұл тренинг кімге арналған?

  • Әрекеттегі кәсіпкерлер
  • Кәсібилер және өз бизнесін бастауды жоспарлап жүрген студенттер
  • Инженерлер
  • Ғалымдар
Сізге NXplorers не береді:
  • Бизнес міндеттердің шешімін табуға арналған NXplorers және NXtools техникасы мен шешімдері.
  • Техникалық емес тәуекелдерді түсіну.
  • Сценарийлік жоспарлау: сіздер сіздің бизнес/жобаңызға ықпал ететін факторларды анықтауға, оқиғалар сценарийлерін және олардың әсерін жоспарлауға, оларды бақылау әдістерін анықтауға үйренесіздер.
  • Мәселелерді кешенді шешуге арналған шығармашылық және жүйелі ойлау дағдылары.
  • Нетворкингті кеңейту, серіктестер мен жақтастар табу мүмкіндігі.
Бұл болашақ көшбасшыларға арналған бағдарлама ойлау және мәселелердің шешімін табудың күрделі дағдылары мен құралдарын қолдана білуді дамыту, хабардарлықты арттыруға бағытталған.
Күні: 2-3 наурыз
Уақыты: 10:30 – 18.00 күн сайын,
Орны: Назарбаев Университеті, 5 блогі, 5е.438

* Тегін оқыту
* Қатысушыларға тренинг сертификаттары беріледі


Назар аударыңыз! Қатысушылардың орын саны шектеулі!
* Қатысушыларға жергілікті, ұлттық немесе ғаламдық маңызы бар энергетика, медицина және ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелердің шешімін табу бойынша идеяларының болуы ұсынылады. Оқыту барысында сіз өзіңіздің немесе топтағы серіктестеріңіздің идеяларымен жұмыс жасау үшін NXtools құралдарын зерттеп және пайдаланатын боласыздар.
ТІРКЕЛУ
tel.: +7(7172) 709375
e-mail: pr.nuris@nu.edu.kz