ABC- I2BF Seed Fund, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Paladigm Capital бірлесіп қазақстандық стартап компанияларды инвестициялауға ниетті | | | 2018 жылғы 21 қарашада, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Сингапурға сапары аясында, Қазақстан-Сингапур бизнес форумында «ABC-I2BF Seed Fund» ЖШС бас директоры Әнуар Сейфуллин, «Бәйтерек» Холдингінің басқарушы директоры Әділ Нұрғожин және Paladigm Capital басқарма төрағасы Олжас Жиенқұлов инновациялық жобаларды бірлесіп инвестициялау туралы Меморандумға қол қойды.
Стартап компанияларды инвестициялау бойынша бірлескен қызмет инновациялық технологиялар мен бизнес үлгілерді дамытуды ынталандыру, қазақстандық технологиялық өнімдер мен қызметтердің экспортына және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу мақсатында жоспарланып отыр.
Тараптар қол қойған меморандум дамудың бастапқы сатысында технологиялық компанияларға инвестицияларды, сондай-ақ іріктеу критерийлерін жүзеге асыру мақсатында жобаларды бірлесіп қарау және қаржыландырудың алдын ала шарттары мен тәртібін айқындайды.
| | | Айта кету керек, 2018 жылы "Nazarbayev University Research and Innovation System" ЖМ-мен және I2BF Global Ventures бірлесіп құрылған ABC-I2BF Seed Fund, Қазақстанда осыған ұқсас мандаты бар инвестицияларды жүзеге асырады. Жаңа бастама аясында, Paladigm Capital және Бәйтерек Холдингі әрқайсысы 350 млн.теңгеден инвестиция салуды жоспарлап отыр, бұл стартаптарға берілетін қаржыландыру мөлшерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, және ең маңыздысы, қазақстандық компаниялардың шетел нарықтарына, атап айтқанда, Сингапур мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына тиімді шығуына ықпал ететін болады. | | | ABC-I2BF Seed Fund және Paladigm Capital СЕО негізін қоса қалаушы Олжас Жиенқұлов бірлсеіп жұмыс уақытын есепке алуды бақылау үшін биометриялық жүйелерді әзірлейтін Clockster қазақстандық стартапты инвестициялады. Инвестициялау бойынша бірлескен жүйелі жұмысты әрі қарай жүргізу ниеті осы ынтымақтастықтың логикалық жалғасы болып табылады. Бәйтерек холдингі аталған бастамада инновацияларды дамытуды қолдау және венчурлық қаржыландыру шеңберінде қатысады. I2BF Global Ventures ( www.i2bf.com) - штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан, Мәскеу, Лондон және Астанада кеңселері бар, венчурлық инвестицияларды басқару жөніндегі халықаралық компания. Paladigm Capital ( www.paladigm.capital) – өтімді активтерді, сондай-ақ соңғы сатыдағы портфельдік және венчурлық инвестицияларды басқару жөніндегі Сингапурда құрылған және басқарылатын компания. | | | |