«ERG ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы» ЖШС бірлескен жоба бойынша қосымша
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) бірлесе отырып, ERG инжиниринг орталығымен «Шұбаркөл кен орнының көміріндегі темірдің таралуының блок моделін құрастыру және геостатикалық бағалау мен талдау жүргізу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін келісім-шартқа қол қойды. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі NURIS және ERG инжиниринг орталығының тау-кен ісі саласында зерттеулер жүргізетін негізгі жұмыстар орындаушысы болып табылады.

Аталған жобаның мақсаты Қарағанды облысында орналасқан Шұбаркөл кен орнының көмірінде темірдің таралуын 3D бағалау және талдау болып табылады. Нәтижелерін өндіру бойынша операцияларды әрі қарайғы талдау ж»не экономикалық қорытынды жасау үшін қолдануға болады.
ЖОБА ТОБЫНА ЕНЕДІ:

Д-Р НАСЕР МАДАНИ
Ғылыми жетекші

Д-р Лоран Ричард
Қосымша жетекші
және ғылыми ассистент ретінде қатыстырылған тау-кен ісі департаментінің екі магистрі Нурасыл Батталгазы және Ернияз Абильдин.
Біз сіздерге жобаны орындаумен байланысты жұмыстардың орындалу барысы туралы ақпарат беретін боламыз.