Шұбаркөл кен орнындағы көмір құрамындағы темірдің таралуын геостатикалық бағалау және талдау жүргізу және блокты үлгісін құрастыру
2018 жылы 29 қазанда «Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке меншік мекемесі және «ERG ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы» ЖШС арасында «Шұбаркөл кен орнындағы көмір құрамындағы темірдің таралуын геостатикалық бағалау және талдау жүргізу және блокты үлгісін құрастыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу/тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар жүргізу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.

Жоба шеңберінде Назарбаев Университетінің қызметкерлері геологиялық есептерге, разрездерге, ұңғымалар бойынша қалдырылған деректерді, құрастырылған блокты үлгілерді, орлар мен траншеяларды, геофизикалық зерттеулерді, жер беті геофизикалық карталарын, көмір сынамаларының химиялық құрамын, көмір сынамаларының тығыздығын талдауды жүзеге асырады.

Назарбаев Университетінің блокты үлгілерді құрастыру үшін қажетті тәжірибесі және жобаны сәтті жүзеге асыруға арналған барлық ресурстары бар. Жобаны жүзеге асырудың жалпы мерзімі 2018 жылғы қазан айынан бастап 2019 жылғы шілде айына дейін. Контактілі зерттеулер кеңсесі аталған жобаның администраторы болып табылады және оны жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

Егер сіз жоба және компаниямен болашақтағы өзара әрекеттестікке мүдделі болсаңыз, Контактілі зерттеулер кеңсесіне жүгінуге кеңес береміз
rso@nu.edu.kz