NURIS британдық «Creative Spark» кеңесінің серіктестік қорын жеңіп алды
Digital Creativity Lab (NURIS) және Loughborough University (UK) өзара серіктестікте британдық «Creative Spark» кеңесінің бағдарламасында жеңіске жетті.
Creative Spark – бұл Біріккен Патшалықтың қолдауымен халықаралық университеттерді қолдау бағдарламасы, оның мақсаты кәсіпкерлік дағдыларды және креативті экономиканы дамыту болып табылады. Жоғары білім саласындағы экономиканы қолдау үшін және еңбекке орналастыру мәселесінің шешімін табу үшін Британдық кеңес бізге креативті кәсіпкерлік саласындағы білімді дамыту үшін аталған бағдарламаға қатысуды ұсынды. Осылайша, біз студенттерімізге және жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін боламыз.
Орталық Азия мемлекеттерінен (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Украина) 100 жуық өтініш түскен, алайда, ақтық сынға тек 20 өтіп, 50 000 фунт стерлинг мөлшерінде грант ұтып алған.
Біздің Біріккен патшалықтағы серіктесіміз Loughborough University көмегімен біз келесі салаларда жұмыс жасайтын боламыз:
  • Студенттер мен жас кәсіпкерлердің дизайн және бизнес, бейне продакшен және келіссөздер жүргізу, анимация және бизнес-жоспарлар әзірлеу, иллюстрация және тұсаукесер дағдыдары, виртуалды/толықтырылған нақтылық, зияткерлік меншікті қорғау, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы дағдыларын дамыту.
  • Креативті салада жаңа бизнес-бастамалар мен стартаптарды қолдау
  • Loughborough University (UK) дизайн мектебі және Кәсіпкерлік орталығымен білім алмасу.

Алда бізді көптеген қызықты шаралар мен жаңа идеяларға толы тамаша тартымды жыл, Ұлыбритания спикерлерімен таныстық және нетворкинг күтеді.
Бағдарлама туралы толығырақ