НУРИС ЖМ жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) полигонында АҚШ-та жасалған Davis Vintage Pro2 метеостанциясы жұмысқа енгізілді
Бұған дейін метеостанция ЖЭК саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларында 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде қолданылған, ал кейін жабдық цифрлық деректерді беру интерфейсінің жарамсыз жұмыс істеуіне байланысты консервацияланған. Жабдықтың электрондық тораптарын диагностикалау және жөндеу жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ ЖЭК полигонының инженері Анвар Колумбетов бағдарламалық жасақтаманың жаңартуларын орнатқаннан кейін, метеостанция қайтадан тұрақты жұмыс режиміне енгізілді.
Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген метеостанциялар жоқ және біздің метеостанция мобильді қосымша және интернет арқылы деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар, халықаралық сайтта тіркелген бірінші метеостанция болады.
Метеостанция
Метеостанция функционалдық сипаттамалары бойынша мынадай метеорологиялық деректерді бақылайды және өлшейді: ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы; желдің жылдамдығы мен бағыты; жауын-шашын мөлшері; ультракүлгін сәулеленудің индексі; күн радиациясының қуаты. Масштабталатын уақытша аралықтарда архивтерді жазу мүмкіндігімен диаграммалар мен графиктер түрінде метеодеректерді бейнелеу үшін, WeatherLink 6.0.5 бағдарламалық жасақтама қолданылады.
Орнату жері
Метеостанцияны орнату жері Shell Yurt алаңы болып табылады, өйткені өзекті метеодеректер құрылыстың электр және жылу энергиясын өндіру және тұтыну үдерістерін бейімдеу және энергия тиімді басқару үшін қажет.
Өзекті метеодеректер болжаулар үшін және университеттің қоғамдастықтары мен бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу қызметінде қолданылуы мүмкін.
Astana Business Campus - Назарбаев Университетінің инновациялық кластері

Қабанбай батыр даңғ. 53, Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Тел.: +7(7172)70 66 43
pr.nuris@nu.edu.kz