Fab Lab лабораториясындағы жаздық лагерь: билейтін роботтар,
өздерінің сайт-визиткаларын таныстыру және көптеген әсерлі оқиғалар!

«МЕГА АҚЫЛ» лагерінің жаңа маусымы 2019 жылдың 9 шілдесінде сағат 11:00-де басталады!
Келесі сілтеме арқылы орындарды брондауға асығыңыздар:
2019 жылдың маусым айында Назарбаев Университетінің Fab Lab Сандық прототиптеу лабораториясы «МЕГА АҚЫЛ» атты мектеп жанындағы лагерді ашты!
Екі апталық оқу нәтижесі бойынша 8 – 11 сыныптың он оқушысы тез прототиптеу, бейнетүсірілім, бейнені өңдеу, сайттарды жасау, 3D-моделдеу, 3D-баспа, Arduino электронды платасында программалау дағдыларын, жалпы электрониканы және жасаған жұмыстарын нәтижелі таныстыруды ойдағыдай меңгерді!
Телевидениеде біз туралы айтуда!
«МЕГА АҚЫЛ» тез прототиптеу лагері өте бірегей проект, ол тіпті «Хабар 24» республикалық телеканалын да елеңдетті. Біздің лагерь туралы сюжетті «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында көрсетті.
«Хабар 24» телеканалының Fab Lab лагері туралы сюжетін көру.
Бірінші қадам: эксперименттік лагерь.
Fab Lab қызметкерлері оқушыларға бейімделіп жасалған тренингтер мен тәжірибелік сабақтар кешенінен тұратын оқу бағдарламасын дайындады. Бұл тренингтер мен тәжірибелер тек прототиптеуде ғана емес, мектепте де, өмірде де қажетке жарайды.

Лагердің ашылуынан бірнеше апта бұрын біз 7 – 8 сынып оқушылары қатысатын эксперименттік мектеп лагерін аштық. Бейнежазуда эксперименттік лагердің Абылай деген қатысушысы өз әсері жайлы айтады: өз роботын құрастырғанын, жаңа достар тапқанын, уақытын пайдалы өткізгенін.
«МЕГА АҚЫЛ» жаздық лагері туралы Абылайдың сұхбатын көру.
Әрбір оқушы 3D-принтерінде басып шығарылған бөлшектерден робоплатформаны құрастырудан бастап, өздерінің сүйікті әндерінің ырғағына сәйкес би қимылдарын программалаумен аяқтай отырып, өзінің бірегей отто-роботын құрастырды.

Балалар біздің мамандардың бақылауымен 3D-принтерлермен, лазерлі гравермен және дәнекерлеу құралдарымен жұмыс жасады.
Робот құрастыру дағдысынан басқа жаздық лагерь бағдарламасында фото-видеотүсірілім, сайт-визиткаларды жасау, нәтижелі презентациялар жасау сияқты маңызды soft skill дағдыларын үйренді. Қазір балалар өз жобаларын тәуелсіз эксперттер алдында қорғауға дайын!
X күні келді! Роботтарға есімдер берілді, көрнекті презентациялар дайындалды, сайт-визиткаларға видеороликтер жүктелді! NURIS бөлімдерінің қызметкерлері тәуелсіз әділқазылар құрамына енді. Әр оқушы өзін таныстырды, өз жұмысының нәтижесін ұсынды және билейтін роботын көрсетті. Ал ең бастысы, осы уақыт ішінде балалар бір-бірімен достасып, уақытты бірге өте қызықты өткізді!
Әр оқушы өзін таныстырды, өз жұмысының нәтижесін ұсынды және билейтін роботын көрсетті. Ал ең бастысы, осы уақыт ішінде балалар бір-бірімен достасып, уақытты бірге өте қызықты өткізді!
Fab Lab жаздық лагерінің бірінші маусымы оқушылардың да, қызметкерлердің де көкейінде көп жағымды әсер қалдыра отырып, өте жақсы өтті!

«МЕГА АҚЫЛ» лагерінің жаңа маусымы 2019 жылдың 9 шілдесінде сағат 11:00-де басталады
Келесі сілтеме арқылы орындарды брондауға асығыңыздар:
Astana Business Campus - Innovation cluster of Nazarbayev University

Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
pr.nuris@nu.edu.kz