Аймақтық университеттермен серіктестікті дамыту: ШҚМТУ
Аймақтық университеттер мен Назарбаев Университет арасындағы серіктестікті жолға қою мақсатында, Ғылым және технологиялар мектебінің қауымдастырылған профессоры Жандос Өтеғұлов пен «Nazarbayev University Research and Innovation System» жекеше мекемесінің келісімшарттық зерттеулер кеңсесінің жобалау әкімшісі Жасұлан Сәтбаев, 2019
жылғы 27-28 наурызда Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (ШҚМТУ) болды.

Жандос Өтеғұлов ағымдағы жобаларға қатысуға қызығушылығын, сондай-ақ ШҚМТУ докторанттарымен бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын білдірді.
Сапар барысында ШҚМТУ қызметкерлері университеттің зерттеу орталықтарында жабдықталған зертханалық жабдықтарды таныстырды.

Әрі қарай серіктестікті талқылау барысында ШҚМТУ басшылығы, сондай-ақ
зертханалар жетекшілері, ПОҚ және докторанттар Назарбаев Университетімен серіктестікке мүдделі екендіктерін білдірді.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Назарбаев Университеті бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасына ұсыну үшін 2020-2022 жылдарға арналған бірлескен ғылыми өтінім дайындауға келісті.


Байланыс мәліметтері:

«NURIS» ЖМ,
Коммуникациялар бөлімі

Тел: 8 (7172) 70 66 43
E-mail: pr.nuris@nu.edu.kz