Құрметті НУ студенттері және қызметкерлері!
Сандаған сауалға жауап ретінде біз ісін жаңа бастаушыларға арналған Алмаз Аубакиров және Әділет Әбіштің FILM-MAKING бойынша курсын әзірледік!
Filmmaking 101 курсы туралы
Аталған курс жаңа бастаушыларға арналған. Мұнда Сіз фильм жасаудың қыр-сырын біліп, коммерциялық бейнебаяндар және шығармашылық жобалар түсіре аласыз.
Адилет Абиш
фильммейкер және режиссер
Курс оқытушысы: Адилет Абиш (фильммейкер және режиссер) - Е18 тобының мүшесі, сонымен қатар, Astana Film Fest 2018 үздік фильм үшін жеңімпазы болып табылады. Кана Байсекеевтің «Көшпенділерінің» сызықты продюссері және жоба операторы ретінде Әділет Моңғолияда, Түркияда, Өзбекстанда және Иранда болған. Әділет General Electric, Voxpopuli, AB Restaurants, 1XBet, Bеeline және "Qazaqstan" телеарнасы үшін роликтер дайындаған.

Аубакиров Алмаз
фильммейкер және монтаждаушы
Бұл курстың екінші бөлігінде Е18 компаниясының өкілі, фильммэйкер және "Annual Film Festival 2015", "Annual Film Festival 2016" фестивальдарының "Үздік монтаж" номинациясында жеңімпаз атанған Алмаз Аубакиров өз тәжірибесімен бөліседі. Алмаз монтаж және арнайы эффектер саласының маманы, Sony Vegas Pro, Adobe Premiere Pro, Adobe After Effects, Edius, Cinema 4d, Mocha бағдарламаларын кәсіби түрде қолданады
Сіз не үйренесіз?
Камера баптауларын базалық басқару: ұсталым, диафрагма, ақ түс балансы, гистограмма, линзалар.
Композиция, фрейминг, стабилизация
Adobe Premiere Pro жұмыс құралдары
Курс туралы толығырақ:
Оқыту тілі: орыс тілі
Курстың басталуы: 28 ақпан, 2019
Кестесі: сейсенбі, бейсенбі, сенбі, 19:00-20:30
Сабақтар саны: 10
Курс ақысы: 10,320 студенттер үшін
17,200 басқа тұлғалар үшін
Орын саны: 14
Аталған курсқа қатысу үшін сізде өзіңіздің камераңыз болуы керек (кез келген бейне камера жарамды). DC Lab курстың барлық қатысушыларын жылдамдығы жоғары компьютерлер және лицензиялық софтпен қамтамасыз етеді.
Тіркелу үшін курс ақысын онлайн төлеу керек. Қажетті қатысушылар саны жиналғаннан кейін, ақысын төлеу қызметі қол жетімсіз болады.
Тiркелу