«ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ТҮСІНУ: КӘСІПКЕРЛІК ТАРИХЫ»
ІС-ШАРАҒА КЕЛЕСІ САРАПШЫЛАР ҚАТЫСАДЫ:
Kairat Nurlybekov
Кайрат Нұрлыбеков мырза, өнертапқыш және кәсіпкер, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Оның жұмысын мына мекенжай бойынша тексеріңіз:
https://www.instagram.com/kairat_nurlybekov/

Қайрат Нұрлыбеков - Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан өнертапқыш және кәсіпкер.

Ол суық, қатал климатта өмір сүре отырып, ғимаратқа кіргенде аяқ киімді тазалау және кептіруге арналған инновациялық өнімдерді әзірледі. Оның өнімі, Zima ClearSole, АҚШ-тың патенттер мен сауда белгілерін тіркеу жөніндегі бюросының патентімен марапатталды.
Бұл туралы мына мекенжай бойынша біліңіз: http://www.zima-cs.com/
Дэвид О. Картер
Мәртебелі Дэвид О. Картер. Судья Картер Калифорния орталық округіндегі АҚШ округтік сотының судьясы болып табылады және күрделі қылмыстық және азаматтық істерде 40 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Бекки Р. Торсон
Судья Бекки Р. Торсонның Америка Құрама Штаттарының бүкіл аумағында зияткерлік меншік мәселелері бойынша сот талқылауларында талапкерлер мен жауапкерлердің мүдделерін қорғауда, сондай-ақ Миннесота Штатында Округтік Судья ретінде тағайындалғанға дейін «Шекарасыз адвокаттар» жұмысында зияткерлік меншік мәселелері бойынша сот талқылауларында ауқымды жұмыс тәжірибесі бар.
Мэтт Ламберти
Мэтт Ламберти (Matt Lamberti) АҚШ Әділет Министрлігінің компьютерлік қылмыстар және зияткерлік меншік секциясында аға заң кеңесшісі болып табылады,онда ол бірнеше юрисдикцияларда жасалған АЖ саласындағы күрделі қылмыстарды және компьютерлік қылмыстарды тергеумен айналысады.
Дженнифер Бланк
Дженнифер Бланк Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында, Грузияда, Еуропада және Канадада әлеуетті арттыру жөніндегі бағдарламалар арқылы зияткерлік меншіктің тиімді режимдерін әзірлеу және қолдауға көмектесетін, АҚШ-тың патенттер мен тауар белгілері жөніндегі Басқармасының саясат және халықаралық істер жөніндегі басқармасында заң кеңесшісі болып табылады.
Күні: : Мамыр 22
Уақыты: 16:00-17:30, Сәрсенбі
Өтетін Орны: Назарбаев Университеті, 7 Блок, 222 Кабинет
ҰСЫНЫЛАТЫН КҮН ТӘРТІБІ:
15 минут: Дженнифер Бланк АҚШ-тың патенттер және тауар белгілері бойынша Бюро дегеніміз не, зияткерлік меншікке қандай құқықтар бар деген сұрақтарға жауап береді
15 минут: Кайрат Нурлыбеков оны Zima ClearSole өнертабысына не шабыттандырғаны туралы және оны патенттеу процесіне қалай кіріскені туралы өз әңгімесімен бөліседі.
15 минут: Судьялар және адвокат Картер, Торсон, Ламберти тәжірибесімен бөліседі, оның ішінде АЖ саласындағы сот даулары бойынша кейінгі істер; АЖ құқықтарын бұзудағы жаңа проблемалар мен үрдістер; Орталық Азия мен Қазақстанға тән ерекше проблемалар туралы айтады.
15 минут: Топпен талқылау.
Сарапшылардың өмірбаяны (ENG)
Сарапшылардың өмірбаяны (RUS)
Тіркелу
Astana Business Campus - Назарбаев Университетінің инновациялық кластері

Қабанбай батыр даңғ. 53, Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Тел.: +7(7172)70 66 43
pr.nuris@nu.edu.kz