Қымбатты достар!
26 маусымда Назарбаев университетінің Инновациялық кластері Сіздерді «Бизнестегі және командалық жұмыстағы эмоциялық интеллект» атты ашық мастер-класына шақырады.
Өткізу уақыты: 26 маусым, сағат 19.00.
Өткізу орны: Назарбаев университеті, 7 блок, 7е.329.
Міндетті түрде тіркелу мына сілтеме бойынша жүргізіледі:
http://forms.gle/4PnNDhqkpm2w4Eyu9
Спикер туралы
Муратова Асель Мәдени және эмоциялық-интеллектуалды жобалардың Еуропалық қауымдастығының сертификацияланған тренері, ҚР HR-қауымдастығының адамдық капиталды дамыту бойынша сертификацияланған маманы, біліктілігін жоғарылатуды Erickson International Central Asia&Caucasus, Moscow Business School University College London, HP Enterprise Education and Services оқу орындарында өткізген. Асель «Транстелеком» АҚ, HUAWEI Authorized Learning Partner, CISCO Learning Partner, KazMinerals, KEGOC сияқты және тағы да басқа компаниялардың жобаларын жүргізген, және оларға тренингтер өткізген.
Мастер-класта келесілерді үйреніп-білесіздер:
– эмоциялық интеллект деген не;
– бизнес-келіссөздер барысында, сондай-ақ командалық жұмыс кезінде өз эмоцияларыңызды ұстай білу;
– ұйымдағы дұрыс ара-қатынасты орнату және қызметкерлерді ынталандыру.
Тіркелу
tel.: +7(7172) 709375
e-mail: pr.nuris@nu.edu.kz