ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКАСЫНА АРНАЛҒАН ТАЗА КӨМІР ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӘЗІРЛЕНЕДІ
Назарбаев Университетінің «Таза көмір технологиялары» зертханасында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тапсырысы бойынша күлі жоғары көмірді жағуға арналған айналмалы қайнайтын қабат (АҚҚ) және қайнайтын қабат (ҚҚ) эксперименталды қондырғысы әзірленді, дайындалды және іске қосылды. АҚҚ және ҚҚ қондырғыларының көмегімен көмірді жағу технологиясының ШРК-ның көрсеткіштері жоғары болады және дәстүрлі қатты көмірді жағумен салыстырғанда іс жүзінде лақтырындыларының нөлдік деңгейде болуымен сипатталады.

Қондырғыны іске қосумен Екібастұз кен орнының №3 қабатының күлі жоғары көмірді жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағатын құрылғыларының технологиясын әзірлеу жөніндегі «NURIS» ЖМ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бірлескен жобасының бірінші кезеңі аяқталды.

Жобаның екінші және үшінші кезеңдері жасалған қондырғыда эксперименттер өткізуге бағытталған.
Жобаның ерекшелігі – көмірді АҚҚ-ҚҚ қондырғыларында жағу технологиясы Қазақстанда бұрын қолданылмаған, ал технологияны қолданудың ғылыми жаңашылдығы – күлі теңдессіз жоғары деңгейдегі (50% және одан да жоғары) көмірді жағу болып табылады.

Қондырғы от жағу камерасының диаметрі 200 мм, биіктігі 7 м конструкциядан құралған, ондағы көмір шығыны 15-40 кг/сағ, біріншілік және екіншілік ауасы бар отын беру, жану үшін бу беру, күлді ұстап қалу және салқындату жүйелерімен жабдықталған. Лақтырындыларды ұстап қалу СО(х) мақсатында инертті материалдарды беру жүйесі бар.
Бұдан әрі «Самұрық-Энерго» АҚ көмірді өз электр станцияларының бірінде жағу үшін өнеркәсіптік қондырғы түріндегі зерттеу нәтижелерін енгізуді жоспарлап отыр. Асташов Владимир Анатольевич

Жоба аясында Назарбаев Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін белсенді тарту да жоспарланып отыр. Егер сіз осы жобаға қосылуды қалайтын болсаңыз, ResearchSupportOffice НУ – rso@nu.edu.kz
хабарласыңыз.
Өндірістік компанияларды Назарбаев Университетімен ынтымақтасуға шақырамыз.
READ THIS NEWS ON ENGLISH
ЧИТАТЬ НОВОСТЬ НА РУССКОМ ЯЗЫКЕ