Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қырғызстан және Венгрияның суретшілері және ғалымдарының жұмыстары, сонымен қатар, бейресми «Art Collider» мектебінің, «Artcom» шығармашылық коммуникациялық платформасының қатысушылары жас суретшілердің жұмыстары ұсынылады, мұнда ғалымдармен бірлесіп, біздің отаршылдықтан кейінгі жағдайымызды сипаттау тілін іздеу мақсатында тарихи өткеніміз бен жадымызды ойластыру бойынша бұқаралық дәрістер, пікірталастар және воркшоптар өткізілген.
Назарбаев Университетінің инновациялық кластері көрмені ұйымдастырушыларға көмек көрсетті: DC LAB резиденттері көркемдік промо-роликті түсіруге қатысты, ал Machine Shop тәжірибе-эксперимент цехінің қызметкерлері көрме реквизиттер дайындады.
Түсіру тобы (DC LAB резиденттері): Адилет Абиш - режиссер Салават Жангалишев - ассистент Роза Жахина - ассистент Диас Бектаев - sound design Мадина Саргали - актриса
|