NURIS & Назарбаев Университетінің
Компьютерлік ғылымдар кафедрасы Demo Day



2019 жылы 19 сәуірде ABC Incubation бизнес-инкубация және ABC Quick Start-ABC Demo Day бизнес-акселерация бағдарламаларынан өткен Назарбаев Университетінің инновациялық кластерінің стартап-жобаларының тұсаукесері өтеді.
Бұл іс-шара соңғы 6 ай ішінде инновациялық және технологиялық кәсіпкерлік дағдыларына үйреніп, прототиптерді құру бойынша жұмыс істеп, өз өнімдерін алғашқы сатуға шығарған, сондай-ақ оларды әлеуетті инвесторларға ұсынған
стартап-жобалар жұмысының қорытындысы болып табылады.
Осылайша, ABC Incubation
бағдарламасы бизнес-идеяларды прототипке немесе алғашқы сатуларға жеткізу мақсатында бизнес-жобаларды ерте сатыда қолдауға бағытталған. Өз кезегінде ABC Quick Start бағдарламасы қолданыстағы стартаптарға сатуды ұлғайтуға немесе қысқа мерзімде инвестиция тартуға қолдау
көрсетеді.
Осылайша, Демо-күні келесі 9 Стартап өз жобаларын кең аудиторияға таныстырады:
Astyq
мобильдік қосымша арқылы алыс қашықтықта тіркелетін смарт таразылар көмегімен астық ұрлаудың алдын алу жүйесі
#Bon
өскіндерден жасалған «тірі» гранола
iBilim
қазақ тіліндегі мектеп пәндерінің онлайн білім беру платформасы
Optoculus
қауіпті объектілердің шекараларын қорғауға арналған бөлінген акустикалық датчик
Экостандарт.kz
табиғи және ағынды суларды органикалық ластағыштардан тазартуға, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарға мал шаруашылығы қалдықтарын жедел ферментациялауға арналған
"KazBioRem-ЭМ" көпфункционалды биологиялық препараты.
OQU.today
ҰБТ және басқа да емтихандарға дайындалу бойынша цифрлық білім беру онлайн платформасы.
Жуылған бетон
беті табиғи тастан жасалған бетон бұйымдарын (кеспе тастар, МАФы, монолитті тротуар және қоршау элементтері) дайындау технологиясы.
FinTEX
жаңа бастаған кәсіпкерлерге грантқа, конкурстарға және басқа да қаржыландыру бағдарламаларына қаржы моделін дайындауға мүмкіндік беретін онлайн
сервис.
Qoqys
интернет заттар технологиясына негізделген қалдықтарды басқарудың ақылды жүйесі (IoT).
Сонымен қатар, биылғы жылы алғаш рет Демо-күні Назарбаев Университетінің Computer science кафедрасы студенттерінің инженерлік жобалары көрме және жобаларды жанды көрсету форматында ұсынылады.

Іс-шараға венчурлік қорлар, даму институттары, қаржы ұйымдары, ірі компаниялар, кәсіпкер-инноваторлар, ЖОО, мемлекеттік органдар және т. б. қатысады деп күтілуде.
Күні мен уақыты: 19 сәуір, 14:00 – 17:00
Өтетін орны: Назарбаев Университет (Панорамалық павильон – «Пирамида»), Қабанбай батыр, 53
Astana Business Campus - Назарбаев Университетінің инновациялық кластері

Қабанбай батыр даңғ. 53, Нұр-Сұлтан қаласы, 010000
Тел.: +7(7172)70 66 43
pr.nuris@nu.edu.kz